Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі "Бұлақ  ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Булак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2017-2018 оқу жылының І жартыжылдығында жүргізілген «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс есебі

13.02.2018

2017-2018 оқу

жылының   І жартыжылдығында

жүргізілген «Жас

Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмыс есебі

 

Бұлақ негізгі мектебінің 2017-2018 оқу жылына құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар

мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен

өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз

Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Міндеті: Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани –

адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің азаматтық

белсенділігі мен саналылығын арттыру; танымдық жұмыстарды ынталандыру; балалар

мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін

қолайлы жағдай жасау; жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға,

көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың

жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Аталған мақсат пен міндеттер негізінде, «Жас Ұлан» ұйымының жұмысына мынадай мақсат

қойылған болатын: Балалардың бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыта

отырып, Отансүйгіштікке, туған елін құрметтей білетін жан- жақты дамыған тұлға

қалыптастыру. «Жас Ұлан» ұйымының ұраны: «Сапалы білім, саналы тәрбие, ата

дәстүр салтына болайықшы біз ие».

         2017-2018 оқу жылына бекітілген жоспар бойынша І жартыжылдық бойына іс-шаралар өтті. Осы

оқу жылында «Жас Ұлан» ұймының қатарында 25 оқушы, ал «Жас Қыран» ұйымында 10

оқушы.  

Өтілген іс-шаралар:  «Денсаулық фестивалі-2016»,

«Қайырымдылық» тобын құрып, қарттарға көмек көрсету, Мектепте тазалық

жұмыстарын жүргізу, «Жол реттеуші» отрядын құру, «Салауаттану – болашағыңды

сәулелендіру», Жол қозғалысы ережелеріне байланысты сауалнама жүргізу, «Тілім

менің – тірлігімнің айғағы», «Мектептің жаны - мұғалім», «Қарттары бардың  қазынасы мол», «Бүгінгі жас спортшы – ертеңгі чемпион», «Мектеп лидері», «Денсаулығым баға жетпес байлығым», «Қазақты

жаралғандай танытқалы»,  «Қыс келді» атты тақырыбындағы көңілді тапқырлар клубы сайысы, «Мемлекеттік рәміздердің білгірі» викториналық сайысы, «Төрле, төрле, Жаңа Жыл» атты мектепішілік іс-шаралар

өтті. 2 – қыркүйек күні Бұлақ негізгі мектебінде «Сыңғырла, күміс қоңырау!» атты тақырыпта салтанатты сап түзеу өтті. Білім күніне арналған іс – шараға ата – аналар, шеттен келген қонақтар қатысты. Солардың бірі мектебімізде 34 жыл қызмет еткен зейнеткер ұстаз Зубайла Шияпқызы. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының енгізілуімен, кейін Әнұран орындалумен басталды. Мектеп басшысы Капарова  Айгуль Ауталиповна жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап сөз сөйледі. 9 – сынып оқушылары Асылтаев Мухамедали мен Султанбек Диас келген қонақтарға әсем әндер айтты. Бастауыш сынып оқушылары ортаға шығып, өз өлең – жыр шумақтарын шашу етті. Алғашқы қоңырау соғу рәсімін мектебіміздің 9 – сынып оқушысы, аудандық және облыстық ән байқауларының жүлдегері Асылтаев Мухамедали мен «Балдырған» шағын балалар орталығының түлегі Нұртай Жанару өткізді. 8-9 сынып қыздары «Алға, Қазақстан» биін тарту етті. Кейін мектебіміздің оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі Омарова Думан Габбасовна өз құттықтау сөзін айтып, оқушыларға сәттілік тілеп, «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы отбасылардың балаларына және  1 – сынып оқушыларына мектеп ұжымы атынан сыйлықтар таратты. Сөз кезегі 1-сынып ата – аналарына және Зубайла Шияпқызына берілді. Құттықтау сөзінен кейін Ту шығарылды. Сап түзеуді  5-сынып оқушысы Газизова Фарида «Ұстазым» атты әнмен аяқтады. 

2 - қыркүйек күні Бұлақ негізгі мектебінде 8-9 сыныптар аралығында салтанатты сап

түзеуден кейін «Мен - патриотпын» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының

мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриот адамның бейнесін құрып,

сол бейнені оқушы жадында қалыптастыру. Тәрбие сағаты сұрақ – жауаптан

басталды, оқушылар «Патриот деген кім?», «Азамат деген кім?», «Патриотқа тән,

тән емес қасиеттер», т.б. деген сұрақтарға жауап берді. Кейіннен 2017 жылы

Қазақстан Республикасында аталып өткен іс – шаралар жайлы талқыланды.

Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесіне барып келген оқушылар өз ойларымен, көрмеден

алған әсерлерімен бөлісті. Сабақ соңында аудандық білім бөлімі бекіткен

«Болашаққа бағдар» атты видеоролик көрсетілді.

 

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст