Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі "Бұлақ  ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Булак отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұлақ негізгі мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының орындалған жұмыстарының есебі

13.02.2018

Бұлақ негізгі мектебінің «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының орындалған жұмыстарының есебі

 

2016-2017 оқу жылында Бұлақ негізгі мектебінде сыбайлас

жемқорлыққа

қарсы тұра алатын, бойында рухани –адамгершілігі, патриоттық сезімі бар

жастарды тәрбиелеу мақсатында «Адал ұрпақ» атты ерікті мектеп

клубы құрылды. 2017-2018 оқу жылының басында клуб жандандырылып, жұмысын

жалғастырды. 

Клубтың мақсаты мектепте сыбайлас

жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті

көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, сонымен қатар оқушылардың

заң талаптарын сақтауға, білім алу және мәдени деңгейді арттыруға ұмтылуы.

Мектеп директорының бұйрығымен «Адал

ұрпақ» клубының мүшелері құрылды. Олар мектебіміздің оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі

Омарова Думан Габбасовна, балалар инспекторы Нургалиева Акнур Кабиденовна,

тәлімгер Казбекова Рыскелды Тасболатовна және 8-сынып оқушылары Манатов Мерей,

Нургалиев Нурхат, Султанбекова Мадина, Султанова Дильназ, Сагитов Бекзат, Тетай

Саят, Шоматова Наргиз, 9-сынып оқушылары Асылтаев Мухамедали, Даниярова Аружан,

Есимбекова Шырын, Казбекова Махаббат, Нургалиев Санат, Султанбек Диас, Шарипова

Назерке.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының

жоспары «Ұйымдастыру-дайындық

іс-шаралары», «Күнтізбелік іс-шаралар кешенін іске асыру» деп аталатын 2 бөлімнен құрылды.

Жоспардың бірінші бөліміне сәйкес қыркүйек айында мектеп әкімшілігі «Адал Ұрпақ» ерікті

мектеп клубының қызметін ұйымдастырды. Мектеп директоры клубтың жұмыс

жоспарымен танысып, бекітті. Мектепте клуб мүшелерінің ұйымдастырылуымен үнемі

жаңартылып тұратын «Парасатты азамат» бұрышы жасалды. Бұрышқа клубтың мақсат,

міндеттері, жоспары, мүшелерінің тізімі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім

телефондары ілінді.

1-9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен сынып

сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті

арттыру мәселелерін қосылды. Мектеп әкімшілігінің ұйымдастыруымен 27,

28-қыркүйек күндері мектеп

мұғалімдері, қызметшілері және ата-аналар арасында жиналыстар өткізілді.

Жиналыстардың мақсаты қатысушыларға құрылған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп

клубының мақсат, міндеттерімен және жоспарымен, сыбайлас жемқорлық бойынша

шығарылған заңмен таныстыру.

Клуб жоспарының екінші бөліміне сәйкес клуб

мүшелерінің ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Қоғамдық тәртіп

негіздері» атты тақырыпта пікірталас өтті. Пікірталастың мақсаты оқушыларға

құқық бұзушылық, қоғамымыздағы тәртіп негіздері жайлы түсінік беру. Оқушылар 2

топқа бөлінді. 1-топқа талқылауға берілген сұрақ: «Құқықбұзушылыққа немқұрайлы

қарау», 2-топқа талқылауға берілген сұрақ: «Жемқорлық – сенімнен айыратын

дерт». Оқушылар өз ойларын ашық білдірді.

Қазан айына «Біздің таңдауымыз - заңды мемлекет»

атты тақырыпта айлық жоспар құрылды. 2 - қазан күні сап түзеу барысында

оқушылжоспарментаныстырылды. 

3-6 қазан күндері аралығында сынып жетекшілерінің

ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Ардың шыңы – Ата Заң», «Заң және заман»,

«Мен және Заң», «Менің құқығым» атты тақырыптарда сынып сағаттары өтті. 12-қазан күні жоспар бойынша мектеп тәлімгері Р.Т.Казбекованың ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары арасында «Сен және сенің құқығың» атты тақырыпта дебат өткізілді. Дебат барысында оқушыларға талқылауға сұрақтар берілді. Сол сұрақтар аясында оқушылар өз ойларын білдірді.

19-қазан күні оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі

Д.Г.Омарованың ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Заңды білу – заман

талабы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға

Заң аясында сұрақтар қойылып, оқушылар жауаптарын беріп отырды. Заң жайлы

мақалалар оқылды. Әр түрлі мәселелер талқыланды.

26-қазан күні балалар инспекторы А.К.Нургалиеваның

ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Сынып басшысын сайлау» атты

тақырыпта сюжеттік ойындар көрсетілді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты: оқушыларды сыбайлас жемқорлық бойынша

шығарылған заңмен таныстыру, оқушыларға жемқорлық жайлы түсінік беріп,

жемқорлықтан аулақ болуға шақыру. Оқушыларды Заңды, өз құқықтарын білуге

тәрбиелеу.

Қараша айында жоспарға сәйкес «Адал және

сатылмайтын еңбек бейнесі» 1-9 сынып оқушылары арасындағы сурет байқауы өтті.

Оқушылар еңбекке байланысты суреттер салды.

26-қазан күні балалар инспекторы А.К.Нургалиеваның

ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушылары арасында «Сынып басшысын сайлау» атты

тақырыпта сюжеттік ойындар көрсетілді.

Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты: оқушыларды сыбайлас жемқорлық бойынша

шығарылған заңмен таныстыру, оқушыларға жемқорлық жайлы түсінік беріп,

жемқорлықтан аулақ болуға шақыру. Оқушыларды Заңды, өз құқықтарын білуге

тәрбиелеу.

Қараша айында жоспарға сәйкес «Адал және

сатылмайтын еңбек бейнесі» 1-9 сынып оқушылары арасындағы сурет байқауы өтті.

Оқушылар еңбекке байланысты суреттер салды.

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст